Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді

590

Премьер-министр ауыл шаруашылығы министріне осындай міндет жүктеді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді Фото: primeminister.kz

"Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты элементі болып саналады. Осы бағыттағы жұмыстарды қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражат көлемі екі еседен астам ұлғайды. Мұның өзі ауыл шаруашылығы жұмыстарын толық көлемде жүргізуге, өсімдік шаруашылығында өнім өндіруді 3,1 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді", – деді премьер-министр үкімет отырысында.  

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, мемлекеттік қолдау аясында заманауи суару технологияларын пайдалану арқылы суарылатын учаскелерді кеңейтуге, сондай-ақ алынатын өнім көлемін арттыруға ерекше назар аударылады.

"Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдермен бірге әр өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін ескеріп, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кешенді жоспарының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын", – деді үкімет басшысы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу