Аида Балаева Парламент ғимаратында орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді

1161

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аида Балаева Парламент ғимаратында орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді

"Бүгін Парламент ғимаратында журналист А. Коскина мен сұхбат беруші Б. Тілеухан арасында орын алған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек). Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез-келген сұхбат барысында сақталуы тиіс. Десе де, мәселенің екінші жағы да бар. Ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері", – деген пікірде министр.

Аида Балаева қалай болғанда министрлік журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу