Бекболат Тілеухан журналиске "күш қолданған"

4197

Полиция қызметкерлері Парламент Мәжілісі ғимаратына журналист Айнұр Қоскинаның шақыруы бойынша келді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Бекболат Тілеухан журналиске "күш қолданған"

Айнұр Қоскинаның айтуынша, сұхбат алуға тырысқан оған ер адам күш қолданған. 
Журналист полицияға арыз жазуға ниетті. Ол полицияға шекесіне соққы тигенін және моноподы сынғанын көрсетті.

Бекболат Тілеуханның көмекшісі журналистерге оқиғаға түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, Бекболат Тілеухан бүгін ғана депутаттық өкілеттігін тоқтатып, әріптестеріне соңғы сөзін арнаған.

Фото: baigenews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу