Айдарбек Сапаров тыңайтқыш енгізудегі биылғы жоспарын айтты

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында сөз болды. 

Айдарбек Сапаров тыңайтқыш енгізудегі биылғы жоспарын айтты Фото: Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, тыңайтқыш пайдалану деңгейі айтарлықтай артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Өткен жылдың қорытындысында тыңайтқыш енгізу деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің 58%-іне жетіп, 1,8 млн тонна болды. 2026 жылға тыңайтқыш енгізу жоспары – 2,3 млн тонна. Бүгінгі күні 245 мың тоннаға келесімшарт жасалды, бұл жалпы көлемнің 10,6 пайызын ғана қамтиды. Сол себепті, облыс әкімдіктері осы бағытта жұмысты күшейтуі қажет. 2024 жылы енгізілген минералдық тыңайтқыштарды субсидиялаудың аванстық тетігі отандық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайтуға оң ықпал еткенін атап өткім келеді, – деді ол. 

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2025 жылы КазАзот зауытының тыңайтқыш өндірісі 11,5%-ға өссе, Казфосфат өндірісінің көлемі 1,8 есеге ұлғайып отыр. 

– Атап айтқанда, әкімдіктерге қар тоқтату және ылғалды ұстап қалу жұмыстарын уақытылы жүргізу қажеттігін еске салғым келеді. Сонымен қатар, тұқым таңдау, себу мерзімдерін сақтау, тыңайтқыштарды пайдалану, себуге дейінгі топырақты өңдеу және басқа да қажетті іс-шараларды уақтылы әрі дұрыс орындауға ерекше назар аудару қажет, – деп сөзін жалғады министр.

Бұған дейін ол көктемгі егіс жұмыстарына қанша қаржы бөлінгенін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу