"Әйел адам жетістікке жете алмайтын ешбір сала жоқ"

1476

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов нәзік жандылар қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Бұл туралы ол инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Әйел адам жетістікке жете алмайтын ешбір сала жоқ"

"Елордамыздың бүгінге дейін жеткен жетістіктері мен табыстары нәзік жанды аруларымызбен тікелей байланысты. Әйел адам жетістікке жете алмайтын ешбір сала жоқ. Қаламыздың даму жолында әрқайсысының сіңірген еңбегі зор.

Нәзік жандыларымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекелік концерт өткіздік. Олардың қатарында медициналық қызметкерлер, педагогтар, әлеуметтік сала қызметкерлері, еңбек ардагерлері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, білім жолында, спортта және т.б. жетістікке жеткен балалардың аналары бар.

Мемлекет басшысы әйел адамдардың әлеуетін жүзеге асыруға ерекше мән береді, басшылық лауазымдарда нәзік жандылардың қатары артып келеді. Мәселен, түрлі салаларға көз жүгіртсек, қаламызда 25 мың медицина қызметкері болса, оның 20 мыңнан астамы – әйел адамдар, 21 мың ұстаздың 16 мыңы – нәзік жандылар. Сол сияқты 139 мектептің 100-ін әйел адамдар басқарса, 30 медициналық ұйымның 17-сіне де нәзік жандылар жетекшілік етеді. Мұндай мысалдар аз емес.
Балаларымызға білім беріп, азаматтарымызды емдейтін де әйелдер, осылайша олар қаламыздың тыныс-тіршілігіне үлкен үлес қосып отыр.

Құрметті, қыз-келіншектер! Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, жұмыстарыңызға береке, табыс тілеймін!", – деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу