Әйелдер мен жастардың саясатқа келуіне басымдық беріледі

1583

Саяси партияларды тіркеу талабы өзгереді. 

Әйелдер мен жастардың саясатқа келуіне басымдық беріледі

Мәжілістің жалпы отырысында сайлау және саяси партияларға қатысты заң жобалары талқыланды. 

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров аталмыш заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын орындау үшін әзірленгенін айтты. 

Оның сөзінше, құжат әйелдер мен жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін арттыруды көздейді. 

"Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Нұрлан  Әбдіров. 

Осыдан соң "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы сарапталды. 

"Құжаттың басты мақсаты – сапалы партиялық жүйе құру, саяси партияларды тіркеудің талабын өзгерту. Заң жобасы жаңа саяси партиялардың пайда болуына жағдай жасауға және әйелдер мен жастардың саясатқа келуін ынталандыруға бағытталған", – деді Нұрлан Әбдіров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу