Астана қаласында бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Адвокат Данияр Әділов сот шешімінің жариялану сәтін бейнежазба ретінде таратты. Видеодан соттың шешімі оқылып жатқанын байқау қиын емес.
– Астана қаласының ауданаралық қылмыстық сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі Мамаш Сәкенге қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылсын, апелляциялық шағымды қанағаттандырылмасын, – делінген онда.
Осылайша, Астана қаласының апелляциялық соты Қазақстанның БАӘ-дегі елшілік кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа қатысты апелляциялық шағымды қарап, алғашқы инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырып отыр.
2024 жылдың мамыр айында Карина Мамаш 10 жыл бойы тұрмыстық зорлық көргенін жариялаған еді. Кейіннен сол сәттің видеосы да кеңінен тарап кетті.