"Әйелін балағаттаған": Зәбір көрген көше тазалаушы біз ойлағандай болмай шықты

661

Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльмира Шауленова айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әйелін балағаттаған": Зәбір көрген көше тазалаушы біз ойлағандай болмай шықты Фото: Бейнежазбадан

Көшенің қақ ортасында тізерлетіп тұрып, кешірім сұратқан ер адам қамауға алынды. Ал көше тазалаушы да сүттен ақ, судан таза емес екен. Ол жүргізушінің әйелін балағаттаған көрінеді. Содан жүргізуші ашуға ерік берген. Сөйтсек, көше тазалаушының да жұмыс уақытында ішімдікке сылқия тойып алғаны белгілі болды.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Жұмыс орнында мас күйінде болған аула сыпырушы да жауапқа тартылды. Аула сыпырушысы ер адамның әйелін балағаттаған. Артынша жанжал туындаған", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу