Әйгілі "Лило және Стич" фильмі қазақша сөйлейді

181

Дисней студиясының туындысын көрермендер кинотеатрлардан көре алады.

Әйгілі "Лило және Стич" фильмі қазақша сөйлейді Фото: disney.fandom.com

Мамыр айында әйгілі "Лило және Стич" анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіле бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Jibek Joly телеарнасына келген Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір үлкен фильмдердің барлығы дерлік қазақ тілінде көрсетіле бастады.

"Иә, біз үшін қазақ тіліндегі мазмұнды көбейту бағытындағы жұмыстың ауқымды бір бөлігі – бұл дүниежүзіндегі әлемге танымал үлкен студиялардың туындыларын қазақ тілінде үлкен кинотеатрларда шығарып көрсету еді. Бұған дейін белгілі жылына бір-екі фильм шығып жатты. Бұл Қазақстандағы демеушілердің күшімен жасалып жатқан жұмыс. Ал өткен жылдан бері біз студияларды талап қойып, ұсыныс беріп, жағдай жасап, студиялар өз фильмдерін қазақ тіліне өз қаражаттары есебінен аударып әкеле бастады. Соны арқасында жыл сайын көрсетілетін фильмдер 1-2 емес, үлкен фильмдердің барлығы дерлік қазақ тілінде көрсетіле бастады. Былтыр 4 фильм көрсетілді, ол Pixar студиясының "Ойжұмбақ", "Моана" деген мультфильмі, содан кейін "Веном", жылдың соңында "Муфаса: Арыстан Патшасы" деген фильм шықты", - деді Рауан Кенжеханұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу