Әйгілі ресейлік сәнгер Валентин Юдашкин қайтыс болды

508

Бұл туралы Бірінші арна хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Әйгілі ресейлік сәнгер Валентин Юдашкин қайтыс болды Фото: google.com

2016 жылы Юдашкин ағзасында онкология - басында метастаздары бар бүйрек қатерлі ісігі табылды. Осы жылдың наурыз айында ремиссиядан кейін сәнгердің денсаулығы нашарлай бастады.

Оның 150 модельден тұратын алғашқы киімдер коллекциясы 1991 жылы Парижде ұсынылды. 

1994 және 1996 жылдары ол Ресей Олимпиада командасына, 1999 жылы Ресейдің әйелдер мен ерлер футбол командаларына костюмдер тікті.

2012 жылы Владимир Путиннің сенімді адамы болды. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Ресей би спорты одағының президенті болып тағайындалды, сол жылы "Стиль и мода" телеарнасының бас редакторы болды. Ол Ресейдің Халық суретшісі (2005), Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1999) атағына ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу