Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бейшембиева жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол күдіктілерге "балама тимеңдерші, анасымын" деп өтініп сұрағанын еске алды.
– Абзал "аузыңды жап, сені де өлтіреміз" деді. Сосын дүкен жаққа қарағанымда екі қызды көремін. Екі қызға қарап айтамын: "жедел жәрдем мен полиция шақырыңдаршы" деп. Қыздар маған қарап тұрды, ештеңе істеген жоқ. Сосын мен Шерзатқа қарай жұлқынып шығып кетемін. Ол кезде бір топ, жеті-сегіз адам Нұрғанат пен Шерзатқа жабылып жатады. Шерзат артқа шегінеді де құлайды. Сол кезде мен Шерзаттың аузынан бұрқ етіп қан аққанын көремін, Шерзатқа жүгіріп барамын. Шерзат айтады: Мама "мынаны қараңызшы" деді. Сол кезде Шерзаттың денесінен қан аққанын көрем. Сол кезде денесіне пышақ кіргенін түсіндім, – дейді ол.
Бқған дейін Шерзаттың анасы оқиға болған күнді еске алған еді.