Академиялық есуден әлем чемпионаты өтпейтін болды

589

Халықаралық есу федерациясы (FISA) тамыз айында Словенияда өтетін әлем біріншілігін өткізбейтінін мәлімдеді. 

Академиялық есуден әлем чемпионаты өтпейтін болды

Академиялық есуден әлем чемпионаты, 23 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өтпейтін болды. Бұл туралы FISA мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Халықаралық есу федерациясы (FISA) тамыз айында Словенияда өтетін әлем біріншілігін өткізбейтінін мәлімдеді. 

"Есу спортымен айналысатын барлық спортшыларға өз елдерінде енгізілген режимді қатаң сақтауға, жауапкершілікті ұмытпай, індеттің таралуына жол бермеуді сұраймыз. Өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарға вирус жұқтырмау мақсатында қандай да бір жаттығу жиындары мен іс-шараларға қатыспау керектігін ескертеміз", – делінген хабарламада.

Халықаралық федерация 2021 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің өткізілу мерзімі анықталып жатқанын жеткізді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу