Ақбастау ауылының тұрғындары жайылымға зәру

576

Қарағанды облысы Ақбастау ауылының шаруа қожалықтары жайылымдық жер жоқ деп наразы. Сөздерінше, жер телімі үшін өтетін байқау әділ өтпейді. Сондықтан, тұрғындар еріксіз, малын қорада ұстаумен келеді. 

Ақбастау ауылының тұрғындары жайылымға зәру

Бекзат Орынбасаровтың жиырмадан аса ірі қарасы мен жылқысы, одан бөлек қырыққа жуық қойы бар. Техникасы да жетерлік. Бірақ, жер телімі бойынша өтетін байқауға ілікпей қалған. Енді төрт түлігін қорада қамап ұстап отыр. 

"Жердің жоқтығынан малды артық көбейте алмаймыз. Өйткені жер жоқ. Шөп шабу деген өте қиын", дейді Ақбастау ауылының тұрғыны Бекзат Орынбасаров. 

Ақбастау ауылында 160 отбасы бар. Барлығының мәселесі бір. Малын жаятын жер жоқ. Тұрғындардың айтуларынша, ауылдың маңын қалталылар басып алған. 

"Біз алдымызда отырған бес сиырды болашақта он сиырға жеткіземіз деп айтамыз. Болмаса жиырма сиырға. Үкіметтен бөлінген несиеге алып жиырма сиыр қосамыз дейміз үстіне. Одан басқа біздің шарықтайтын шамамыз жоқ", дейді Ақбастау ауылының тұрғыны Фархат Байхатов. 

Жергілікті билік өкілдері болса, 7107 га жер жайылымға арналған, дегенді алға тартады. 

"Жайылымды жерде малға сауаратын суат жоқ, міне айтып тұрған жер. Алыстау дегенмен енді бір 10-15 шақырым, ол жерге де малды айдап апарып бағуға болады", дейді Ақбастау ауылының әкімі Рымбек Тұяқбаев. 

"Байқау заңсыз өтті", "мал жаятын жерді заңсыз иеленген" деген ауыл тұрғындарына Облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері мәселенің ақ-қарасын  білу үшін, тиісті  мекемелерге  шағымдансын дейді. Содан кейін ғана, әр телімнің кімге, қандай негізде берілгенін дөп басып айтуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу