Әкім орынбасары Жаңатастағы 5 баланың ажалын "Алланың ісі" деп атады

1514

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты өңір басшысының орынбасары Ұлан Жазылбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңына шығып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Әкім орынбасары Жаңатастағы 5 баланың ажалын "Алланың ісі" деп атады

Спикердің сөзінше, қара жамылып отырған отбасыға жергілікті әкімдік тарапынан қаржылай-психологиялық көмек көрсетілуде, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Көпшілікті сабырға шақырамын. Оқиға орнына өзім де барып келдім. Ауыр жағдай, Алланың ісі деп білеміз. Бұл отбасының үлгілі шаңырақ екенін білдік. Әкесі аудандық орталық ауруханада қызмет атқарады. Анасы Меңсұлу мұғалім мамандығымен білім алған. Қазіргі таңда декреттік демалыста. Мемлекет тарапынан берілетін тиісті жәрдемақылармен қамтылған",  деген Ұлан Жазылбек оқиға кезінде 60 жастағы қарияның болғанын жоққа шығарды.

Лауазымды шенеуніктен білгеніміздей, қара жамылып отырған отбасының жекеменшік үйлері жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен бес бүлдіршін көз жұмған болатын. Олардың үлкені 7 жаста, кішісі 7 айлық. Отағасы жұмыста болған, ал анасы азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен.

Әсел Мұратбекқызы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу