Қостанай облысында қала мен аудан әкімдеріне тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Экскурсияны жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекеттік қызметкерлерге тергеу изоляторында ұстау шарттары түсіндірілді.
Тергеу изоляторына 20 шенеунік барды. Оларға тергеу мекемесін және жазасын өтеп жатқан адамдарға арналған бөлмелер, сондай-ақ жеке камералар көрсетілді, бұл камераларға қандай жағдайда ауыстырылатыны түсіндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу