"Ақкенттегі" өрт: тұрғындар өрт салдарын жою бойынша қажетті көмекпен қамтылады

451

Жергілікті атқарушы орган құрылыс салушымен бірлесіп тұрғындарға пәтерлерді қалпына келтіруде көмектеседі.

"Ақкенттегі" өрт: тұрғындар өрт салдарын жою бойынша қажетті көмекпен қамтылады Фото: inbusiness.kz

Мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үйді салған "Ayt housing Complex" ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz. 

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданды.

Атап айтқанда, 2 қыркүйекке дейін "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіріліп, құрылыс салушының қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарға жөндеу жүргізіледі.

Бұдан басқа құрылыс салушының қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстырылып, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығындар өтеледі.

Бұдан бөлек пәтерлерде әрлеу жұмыстарын жүргізу (левкас/қабырғаларды, төбелерді бояу, жөндеуден кейінгі жұмыстарды тұрғындар өздері жүргізеді);

- барлық жұмыстарды аяқтап, тұрғындарға пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруге рұқсат беру;

- пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде тұрғындарға уақытша тұру бойынша шығыстарды өтеуге немесе төтенше жағдай желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беруге;

- қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге денсаулықты қалпына келтіру бойынша, оның ішінде ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсету де бар.

Айта кетейік, осыған дейін тұрғын үйді салған компания қаза тапқан әйелдің отбасына 2 бөлмелі пәтер беретінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу