Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан көз жұмды

664

Жомарт Нұркенов 1974 жылы Целиноградта туған. Биылғы жылдың 10 сәуірінде орынбасар болып келген еді. 

Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов Көкшетау маңындағы трассада жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, сағат 18.30-да болды.

"Телефон арқылы хабар түсіп, онда Көкшетаудан 3 шақырым жерде, "Петропавл-Астана" автожолында 1974 жылы туған Көкшетау тұрғынының басқаруындағы джип жол жиегінде тұрған жұмыс істемейтін асфальт төсегіш машинаға соғылғаны айтылды. Рөлде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов болды. Ол жол апаты салдарынан көз жұмды", - деп хабарлады  өңірлік полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Адам өліміне әкеп соқтырған Жол жүру ережесін бұзу) сотқа дейінгі іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу