Ақмола облысы аумағында "Жезқазған – Петропавл" тас жолында адамды қағып мерт қылып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай биыл 16 шілдеде Жарқайың ауданының Пригородное ауылы маңында болған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары автокөліктің соқтығысуы өлімнің себебі болуы мүмкін екендігін және оқиға орнынан белгісіз көлік құралының сынықтары мен іздерін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Пригородное ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам жолда белгісіз адамды қағып, артынша оқиға орнынан қашып кеткенін растады.
"Қазіргі кезде автокөлік тәркіленіп, кінәлі жүргізушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзуы) және Қылмыстық кодекстің 347-бабы (ЖКО болған жерден кетіп қалу) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ведомстводан.