Ақмола облысында жол апаты болып, 8 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазанның 28-і күні кешкі сағат 21:10-дер шамасында "Астана-Петропавл" тасжолының 190 шақырымында, яғни, Макинск қаласының маңында "BMW-520" көлігін басқарып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысы Шілікті ауданының тұрғыны ауа райының жайсыздығы салдарынан рөлге ие бола алмай жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Қатты соққыдан көлік жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 7 көлікке соқтығысқан.
Соғылған көліктердің рөлінде Астана қаласының 36 жастағы, Макинск қаласының 35 жастағы (әйел), Көкшетау қаласының 56 және 58 жастағы, Біржан сал ауданы Мақпал аулының 51 жастағы, Щучье қаласының 38 жастағы және СҚО Айыртау ауданының 65 жастағы тұрғындары болған.
Жол апатының салдарынан "BMW-520" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны және Ауди Б4 көлігінің 64 жастағы жолаушысы Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.
Ақмола облысының полиция департаменті берген мәліметтерге қарағанда, жол-көлік оқиғасына қатысты тексеріс жүргізілуде.