Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім жұмбақ жағдайда қайтыс болды

159

Баланың мәйітін тапқанда оның үстінен жанармайдың иісі шығып тұрған. 

Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім жұмбақ жағдайда қайтыс болды Фото: instagram.com/nayzakokshe

Бұланды ауданында жасөспірім денесін күйік шалып қайтыс болды. Жеткіншектің денесін әкесі тауып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдайдың қалай болғаны жайлы бірнеше нұсқа бар. Оның бірі, бала мотоциклін өзі жөндемек болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

“Баланың мәйітін тапқанда оның үстінен жанармайдың иісі шығып тұрған. Сондай-ақ оның денесін, екі қолы мен бетін күйік шалған. Мотоцикл өртенгенде ол шұңқырға құлап кеткен болуы керек”, – деп жазды nayzakokshe Instaram парақшасы. 

Ақмола облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу