Ақмола облысында 20 жұмысшыға жалақы бойынша 3,7 млн теңге қарыз өтелді

386

"Ақниет" жекеменшік балабақшасының қызметкерлеріне жалақы қарызы прокуратураның араласуынан кейін толық төленді.  

Ақмола облысында 20 жұмысшыға жалақы бойынша 3,7 млн теңге қарыз өтелді Фото: elorda.info

Степногорск қаласының прокуратурасы еңбек ақы төлеу саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында "Каусар" ЖК-ге қарасты "Ақниет" жекеменшік балабақшасында 20 жұмысшыға жалпы сомасы 3,7 млн теңге жалақы берешегі бары анықталды.

Қызметкерлердің құқықтарын қалпына келтіру үшін прокуратура білім бөліміне прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде берешек толық өтеліп, 20 жұмысшының жалақысын уақытылы алу құқығы қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу