Ақмола облысында 43 млрд теңгенің ірі жобасы іске асырылғалы тұр

1272

Ақмола облысында 43 млрд теңгенің ірі жобасы іске асырылғалы тұр

Ақмола облысының Бұланды ауданында Индустрияландыру картасы аясында еліміздегі және Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Макин құс фабрикасы" ЖШС-нің директоры Алексей Шевченконың айтуынша, тірі салмақтағы жылдық қуаты 60000 тоннаны құрайтын болашақ құс фабрикасы 2015-2019 жылдар аралығында екі кезеңмен салынып бітпек. Жоба құны – 43 миллиард теңге шамасында.

"Құс фабрикасы салынып біткен соң 700 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, жобаның арқасында Бұланды ауданының қуат көздерімен және сумен жабдықтау жүйелері дамып, өңірде шағын және орта бизнестің дамуына септігі тиеді. Жоба желілік құрылыс кестесіне сай, алдымен инкубатор пайдалануға беріліп, әрқайсысында 6 тауық қораны біріктіретін 8 алаңқай, құс етін және қалдықтарды өңдейтін зауыт пен бөлім салынып, экологиялық және технологиялық қондырғылар орнатылады", – дейді А.Шевченко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу