Ақмола облысында айлакер көлік ұрысы құрықталды

280

Жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабын елемей, қашуға тырысқан. 

Ақмола облысында айлакер көлік ұрысы құрықталды Фото: polisia.kz

4 қараша күні таңғы сағат 10:00 шамасында полицейдер  Еркебұлан Тұрмағамбетов пен  Жапар Раймбеков Екатеринбург – Алматы тас жолының 1071-шақырымында Toyota Camry автокөлігін байқады. Көлік белгісіз себептермен тоқтап, екі жолаушысын түсірді де, кенеттен кері бағытта бұрылып кетті.

Бұл тосын әрекет полицейлердің күдігін туғызды, сондықтан олар көлікті тексеруге шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында қашқын көлікті 1066-шақырымда тоқтатуға мүмкіндік туды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен.

Тексеру барысында 46 жастағы жүргізушінің жеке тасымалмен айналысатыны анықталды. Сол күні ол Атбасардан Астанаға екі жолаушыны ала кеткен. Жол бойында жолаушылардың бірі көлікті тоқтатуды сұрап, мұны пайдаланып жүргізуші сыртқа шыққанда, бірден рөлге отырып көлікті айдап кеткен. Патрульдік полицейлер ұрыны дер кезінде ұстап, жедел-тергеу тобына тапсырды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазір бұл оқиғаға қатысты қажетті тексеру жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу