Ақмола облысында алтын өндіретін екі кәсіпорын салынбақ

695

Қос зауыт еліміздің бағалы металл өндірісі бойынша үлесін 35%-ға арттыруға мүмкіндік береді.  

Ақмола облысында алтын өндіретін екі кәсіпорын салынбақ

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елордада өткен брифингте айтты.

"Өңірде Индустрияландыру картасы бойынша 276 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Оның 14-і жыл соңына дейін аяқталады. Бұл өңірде 3,7 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді", – деді әкім. 

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, аймақтағы ірі жобалардың қатарында екі алтын өндіру фабрикасы, яғни, "RG Gold" ЖШС және "Ақсу Technology" құрылысы бар. 

"Бұл алтын өндірісін және оның жалпы республикалық көлемдегі үлесін 35%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін ірі жобалар. Зауыттарды іске қосу облысқа түсті металлургия саласында алдыңғы қатардағы орнымызды нығайтуға мүмкіндік береді", – деді облыс басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу