Ақмола облысында ашылған инфекциялық ауруханада 3 сәби дүниеге келді

853

Оларда аналары індет жұқтырғанымен нәрестелер дін аман. 

Ақмола облысында ашылған инфекциялық ауруханада 3 сәби дүниеге келді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев онлайн брифинг барысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. 

"Ақмола облысында 6 ПТР тест зертхана бар. Оларда күніне 7 мың сараптама жасауға болады. Қазір күніне 1500 талдау жасалады. Өңір ауруханаларында 5000 төсек-орын қарастырылған. Сондай-ақ, жуырда 200 орынға шақталған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Медициналық мекеме ашылған 2 аптаның ішінде өмірге 3 сәби келді. Олардан індет анықталмады", – деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар облыс медицналық мекемелерінде өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 2,5 есе, оттегі концентраттарының саны 5 есе артып, 4 жаңа рентген аппараты сатып алынған. 

"4 мың медициналық маманған 3 млрд теңге үстемақы төленді. Жалпы өңірде індетпен күрес шараларына 15 млрд теңге бөлінді", – деді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу