Ақмола облысында ауыл тұрғыны заңсыз өндіріс жүргізген

341

Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша шағын цех жойылды. 

Ақмола облысында ауыл тұрғыны заңсыз өндіріс жүргізген Фото: polisia.kz

50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндірісті жүргізген. Полиция қызметкерлері ұсақтау аппараты мен басқа да жабдықтарды ақмолалықтың тұрғылықты жерінен тапты.

Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу