Ақмола облысында автобус экскаватормен соқтығысып қалды

206

Оқиға Қарқаралы тас жолында, Қабанбай батыр және Қызылжар ауылдарының арасында болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында автобус экскаватормен соқтығысып қалды Фото: Бейнежазбадан

Салдарынан автобус жүргізушісі кабинада қысылып қалған.

Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, бірнеше жолаушы түрлі жарақат алған. Соқтығысудан кейін экскаватор өртеніп кеткен.

"Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жетті. Гидравликалық құралдардың көмегімен олар жүргізушіні абайлап шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Экскаватордағы өрт өшірілді. Қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу