Ақмола облысында Беларусь азаматы жол апатына ұшырады

556

Ірі көлік апатының орын алуына жүргізушілердің ауа райын ескермеуі себеп.  

Ақмола облысында Беларусь азаматы жол апатына ұшырады Фото: polisia.kz

8 қаңтарда Астана-Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көлік бір-бірімен соқтығысқан.  Оқиға салдарынан қазақстандық көлік жүргізушілері мен шетелдік азамат зардап шеккен, деп хабарлайды inbusiness.kz Telegram-дағы polisia.kz арнасына сілтеме жасап.

34 жастағы ВАЗ 2109 жүргізушісі ауа райының қолайсыздығын ескермей, 64 жастағы астаналық тізгіндеген Chevrolet Cobalt және 38 жастағы Беларусь азаматы басқарған Volvo көліктеріне соғылған.

Содан кейін тағы 6 автомобиль соқтығысқан: Renault Sandero, "ГАЗель", 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.

Көлік апаты салдарынан "Авиценна Бурабай" компаниясына 19-49 жас аралығындағы 2 жүргізуші мен 7 жолаушы жеткізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша 6 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу