Ақмола облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

181

Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ақмола облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты Фото: видео скриншот

Ақмола облысының Алексеевка ауылының маңында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алексеевка ауылының іргесіндегі көпірде болған апаттың салдары туралы видео Inatagram-дағы "Sinegor.kz" парақшасында жарияланды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаға қатысты пікір білдіріп, 17 тамызда екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болғанын хабарлады.

"Жол апаты салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу