Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте Астана – Қарағанды автожолының 51-шақырымында, Шөптікөл ауылының маңында болған.
Соқтығыс салдарынан "Газель" жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Алайда жолаушы дәрігерлердің көмегіне қарамастан алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жылдамдық режимін асырмауға және көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеруге шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу