Жол апаты бүгін "Екатеринбор-Алматы" автожолының 1105 шақырымында Жалтыр ауылының маңында болған.
"Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны басқарған "Газель" автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, "Маз" көлігімен соқтығысқан. Салдарынан "Газель" жолдың шетіндегі жыраға аударылды, жүргізушісі алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды. Ал, "Маз" көлігінің жүргізушісі 52 жастағы қостанайлық пен жолаушысы Астрахан аудандық ауруханасына жатқызылды", делінген хабарламада.
Жол апатына қатысты сараптама тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу