Оқыс оқиға 9 сәуірде сағат 04.10 шамасында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 127-ші шақырымында болды.
"44 жастағы "Lexus RX-450" маркалы көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, 6 бас малдың (жылқы) өліміне әкеліп соқтырған жол апатына жол берді. Көлік құралына механикалық зақым келді. Тәртіп сақшылары дереу Ақкөл қаласының 62 жастағы табыншысын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы, "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Зардап шеккен адамдар болған жоқ", делінген Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.
Өңірде жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін полицейлер 735 әкімшілік хаттама толтырған. Осыған байланысты полиция азаматтарға ескерту жол белгілері, макеттер орналасқан жерде жылдамдықты төмендету қажет екенін атап ескертеді.