Ақмола облысында көлік айдау құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

301

Тұрғын қайта көлік тізгендеген.

Ақмола облысында көлік айдау құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысында көлік айдау құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

26 қазан күні сағат 04.00 шамасында Көкшетау қалалық патрульдік полиция қызметкерлері көшелерді патрульдеу кезінде Зеренді ауданының 20 жастағы тұрғыны тізгіндеген ВАЗ-2110 көлігін тоқтатты.

Медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның жеңіл дәрежеде мас күйде болғанын анықтады. Тексеру барысында биыл сот шешімімен жүргізушінің 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны да белгілі болды.

Бұл дерек ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу