Ақмола облысында көлік апатынан екі адам ажал құшты

163

Жол апаты Түрген ауылының маңында болған.

Ақмола облысында көлік апатынан екі адам ажал құшты Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысында "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 1347 шақырмында жеңіл көлік аударылып, екі адам көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ПД мәліметінше, жол апаты Түрген ауылының маңында болған.

"Анықталғандай, "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 1347 шақырмында "Chevrolet Cobalt" көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай көлік жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Салдарынан көліктің ішінде болған жолаушылардың екеуі алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі жолаушы мен жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті", - делінген хабарламада.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде, сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу