Ақмола облысында көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды

357

Оқиға 5 наурызда болған. 

Ақмола облысында көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды Фото: inbusiness.kz

Есіл қаласында (Ақмола облысы) көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция екі адамның да жеке басын анықтады. Қаза болғандардың бірі - Есіл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Мәліметтер бойынша, екі ер адам да сау болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу