Ақмола облысында қымыз ішіп қайтадан рөлге отырған жүргізуші 1 жылға сотталды

313

Енді оған көлік құралын басқаруға өмір бойына тыйым салынды.  

Ақмола облысында қымыз ішіп қайтадан рөлге отырған жүргізуші 1 жылға сотталды Фото: gov.kz

Бұған дейін ер адам бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған болатын, бірақ соған қарамастан қайтадан рөлге мас күйінде отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, оның алдында көп мөлшерде қымыз ішкенін айтып түсініктеме берді. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Жаза тағайындау кезінде сот кінәні мойындауын және ер адамның кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу