Ақмола облысында полицейлер жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті

115

Ақмола облысында қатты аяз кезінде полиция қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақмола облысында полицейлер жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті Фото: Polisia.kz

Астана – Щучинск автожолында ауа температурасы –26 градусқа дейін төмендеп, бірнеше автокөліктің дизель отыны қатып қалған. Соның салдарынан жүк көлігінің ауа жүйесі істен шыққан. Көлікте Қырғыз Республикасының азаматтары болған. Полицейлер оларды Ақкөл қаласына жеткізіп, қонақ үйге орналастырды, ал жүк көлігі жылы боксқа қойылып, келесі күні жөнделді. Жолаушылар аға инспекторлар Константин Мусин мен Жеңіс Әлібековке алғыс білдірді.

Сондай-ақ Mercedes Vito автокөлігінің дизель отыны қатып қалғаны анықталды. Полиция жол ұйымдарының көмегімен көлікті Бозайғыр елді мекеніне дейін эвакуациялап, жүргізуші мен жолаушыны жолай өткен көлікке отырғызды. Олар патрульдік инспекторлар Нұрсұлтан Сағындықов пен Азат Мұхатаевқа ризашылықтарын жеткізді.

Полиция өкілдері қатты аяз кезінде дизель отынымен жүретін көліктердің істен шығу қаупі жоғары екенін ескертіп, мұндай күндері жолға шықпауға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу