Ақмола облысында шаңғы базасында жасөспірімнің қайтыс болуы: Сотқа дейінгі тергеу басталды

481

Ақмола облысында шаңғы базаларының бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Ақмола облысында шаңғы базасында жасөспірімнің қайтыс болуы: Сотқа дейінгі тергеу басталды Фото: google

"Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 306-бабы бойынша (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 2 қаңтар күні болған.

"Сағат 17:25-те Зеренді ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаңғы базасының басқарушысынан Садовое ауылынан 10 км қашықтықта 2006 жылғы астаналық кәмелетке толмаған баланың шаңғы жолында көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен. Мәліметтерді жинау барысында кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен бірге шаңғы базасына демалуға келгені белгілі болды. Тіршілік белгісі жоқ жас жігіттің денесін екі демалушы тапқан. Ол шаңғы трассасында түсіп бара жатқан кезде ағашқа соғылып, құлап, есін жимастан көз жұмған", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу