Ақмола облысында жалған дипломы бар 13 адам мұғалім болып жұмыс істеген

310

Заңсыз қызметкерлерді прокуратура "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасының орындалуын тексеру барысында анықтады. 

Ақмола облысында жалған дипломы бар 13 адам мұғалім болып жұмыс істеген Фото: inbusiness.kz

Қадағалау органы осы бағдарлама бойынша жұмысқа орналасып қана қоймай, жалған дипломдар арқылы жәрдемақы алған азаматтарды анықтап білді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадр тапшылығы едәуір теңестірілді. Алайда, "мамандар" деген атпен жекелеген адамдар жеңілдетілген шарттарды қолдана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылуда.

Айта кетсек, облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Оның нәтижелері бойынша, жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.

"Мәселен, 2021 жылы "К" жалған диплом бойынша, Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды)", - делінген Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз хабарламасында.

Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 "маман" пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты. 

Жалпы айтқанда, мұндай "маманды" жалған дипломмен жұмысқа орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне кері әсерін тигізеді және бюджет қаражатын ұрлауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде. ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу