Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тауып, 8-і жарақат алды

167

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тауып, 8-і жарақат алды Фото: Бейнежазбадан

10 тамыз күні Астана-Петропавл автожолының 97-шақырымында "Mercedes-Benz Sprinter" шағын автобусы мен "ГАЗ 53" жүк көлігі соқтығысып, қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соқтығыс салдарынан "Mercedes-Benz Sprinter" автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Сонымен қатар, түрлі жарақат алған "Mercedes-Benz Sprinter" көлігінің 7 жолаушысы, "ГАЗ 53" автокөлігінің 1 жолаушысы жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

"Mercedes-Benz Sprinter" автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Департамент өкілдері жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу