Ақмола облысында жол апатынан 11 жасар қыз көз жұмды

225

Сондай-ақ, тағы 7 адам ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облысында жол апатынан 11 жасар қыз көз жұмды Фото: freepik

Ақмола облысының Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасынан 11 жасар қыз көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апат "Фольксваген Гольф" пен "Лада Гранта" маркалы көліктердің қатысуымен болған.

"Оқиға орнында "Фольксваген Гольф" автокөлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы қаза тапты. Сол көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды", – делінген ведомство мәліметінде.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу