Ақмола облысының Зеренді ауданында жол апатынан 15 жастағы жасөспірім қыз қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Жылымды ауылы маңында болған.
"Анықталғандай, "Volkswagen" көлігі аударылып қалған. Соның салдарынан көлікте болған Ақан ауылының тұрғыны, 15 жасар қыз көз жұмды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Өзге ақпарат анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу