Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

466

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам тірідей жанып кетті.

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 24-інде "Степногор - Заводской" жолында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Анықталғанындай, Заводской бағытында жүріп бара жатқан "Lada Kalina" көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, "Nissan Teana" көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан "Lada Kalina" көлігі өртеніп, жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал, "Nissan Teana" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу