Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

197

33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте мыжылып қалған.

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты Фото: instagram.com/nayzakokshe

Жол апаты 22 тамызға қараған түні Есіл қаласында болған. Полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті пабликтің хабарлауынша, опат болған жүргізуші 33 жаста, ал жолаушылар 18-23 жас аралығындағы тұрғындар.

"Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Ауданның 33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте езіліп қалды. 18-23 жас аралығындағы үш жолаушы әр жерге домалап құлады. Қаза тапқандардың үшеуі – қыз бала, оның бірі Ресейден әжесіне қонаққа келген", - делінген ақпаратта.

Апатқа Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Осы жылдың 22 тамызында Есіл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу