Ақмола облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

430

Жол апаты "Алматы-Екатеринбург" автожолында, яғни Целиноград ауданының Арайлы ауылы маңында болған.

 Ақмола облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды Фото: Ақмола облысы ПД

Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Анықталғандай, "Алматы-Екатеринбург" автожолының 1223-шақырымында Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған "Toyota Alphard" көлігі мен 42 жастағы астаналық басқарған "Тоyоtа Cаmry" автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында "Toyota Alphard" көлігінде болған төрт жолаушы көз жұмды. Ал оның жүргізушісі және тағы бір жолаушы Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылды", - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен ("Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу