Ақмола облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

615

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Ақмола облысында екі ірі жол апаты орын алып, 6 адам құрбан болды, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Құқық қорғау органынан берілген мәлімет бойынша бірінші жол апаты жексенбі күні таңертең Көкшетау-Астана автожолынан 251 шақырым қашықтықта, Бурабай ауданында болған.

"Hyundai Starex жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, бұрынғы көлік бақылау бекетінің қабырғасына барып соғылған. Салдарынан 3 адам көз жұмып, төрт адам зардап шекті", - дейді ресми органнан.

Жарақат алғандар аудандық  орталық ауруханаға жеткізілген.

"Оқиғаның орын алуына көктайғақ пен қар әсер еткен", - дейді ақпар беруші.

Екінші жол-көлік оқиғасы Алматы-Екатеринбург автожолының 201-шақырымында, Астрахан ауданына қарасты Колутон ауылына жақын маңда орын алыпты.

"Volkswagen жеңіл көлігінің жүргізушісі қар басқан жолда қарсы жолаққа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соғысқан. Салдарынан жанында ұлы бар ерлі-зайыптылар түгел опат болды. Жүк көлігінің жүргізушісі дін аман", - дейді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу