Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз көз жұмды

665

Тергеу амалдары басталды.

Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз көз жұмды, полиция іс қозғады.

Облыстық ПД мәліметінше, жол апаты Целиноград ауданы аумағында "Астана-Қорғалжын" тасжолының 54 шақырымында болған.

Қорғалжын бағытында жүріп бара жатқан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі (Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны) рульге ие бола алмай көлік жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Жол апатынан алған дене жарақатынан 9 жасар қыз Целиноград аудандық ауруханасында көз жұмды.

"Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу