Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 716.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1 099 шақырымында болған.
"28 сәуір күні сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz Е200 маркалы автокөлік пен Жақсы ауылынан Астана қаласы бағытында келе жатқан ВАЗ - 2107 маркалы автокөлік соқтығысты", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апат салдарынан оқиға орнында 5 адам қаза тауып, 2 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.