Ақмола облысында жол апатынан мотоциклші қаза тапты

424

Ол рөлге ие бола алмай, көлікке соқтығысқан.

Ақмола облысында жол апатынан мотоциклші қаза тапты Фото: google.com

Оқиға 20 тамыз сағат 16:04 шамасында Астана – Щучинск автомагистралінің 104-ші шақырымында орын алған.

Polisia.kz мәліметінше, HONDA мотоциклінің 39 жастағы жүргізушісі Гелиос жанармай құю бекетінен Астана – Петропавл автомагистраліне жылдамдықпен шығып кетіп, көлікті басқара алмай, Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lexus RX-300 көлігіне соқтығысқан. 

Салдарынан мотоциклші қисық сызықты жол қоршауына ұшып кеткен. Апаттан зардап шеккен адам бірден Ақкөл қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген, алайда алған күрделі жарақаттарынан жүргізуші қайтыс болған. Медициналық қорытындыға сәйкес, Lexus RX-300 автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішпегені анықталды.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу