7 желтоқсан күні Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Әскербеков жол апатынан қаза тапты.
"Қайғылы оқиға Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен", – делінген хабарламада.
Департамент бұл факті бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу